Лотарингия университетінің профессоры Джулия Майнка дәріс оқыды
                        21 сәуір, 2023                    
                 
                
2023 жылы 3 - 31 наурыз аралығында Францияның Нанси қаласында орналасқан Лотарингия университетінің қауымдастырылған профессоры Джулия Майнка әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика – математика факультеті механика кафедрасының «7М05405 - Механика және энергетика» білім беру бағдарламасының бірінші курс магистратура студенттеріне «Энергетикалық жүйелердің термодинамикасы» тақырыбы бойынша қашықтан сабақ жүргізді.


14- сәуір магистранттар Джулия Мейнка оқыған дәріс бойынша қорытынды емтиханды сәтті тапсырды.
 
         
                                 
                                