Дебат «Сапалы білім»

15 сәуір, 2023

2023 жылдың 15 сәуірінде тұрақты даму бағдарламасы аясында Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» мамандығының 1 курс студенттерімен және Иран мемлекетінің Табас Азад университетінің студенттерімен бірге ағылшын тілі оқытушысы Бекмашева Ботакөз Нығметқызы «Сапалы білім » тақырыбында ағылшын тілінде онлайн дебат өткізді.

Студенттер өздерінің презентацияларын, бейнематериалдарын көрсетіп, «Сапалы білім» тақырыбында әңгіме жүргізді.

Оқыту нәтижелері білімнің маңыздылығын және өз пікірлерін негіздеу. Әртүрлі елдерден келген студенттердің білім беру тәжірибесіне рефлексия жасау. Студенттер дүние жүзіндегі балалардың сапалы білім алу құқықтарын қолдаудағы білімнің маңыздылығын талқылады.Сонымен қатар, сапалы білімнің маңыздылығы туралы қызу пікірталас жүргізіп, сапалы білім - бұл барлық студенттерге экономикалық өнімді болуға, тұрақты өмір салтын қалыптастыруға, әлеуметтік бейбітшілікті нығайтуға және адамның әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беретін білім деген қорытындыға келді.

   Шараға жауапты шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Тлеугабылова З.А., Кулжанбекова Г.К., Халенова А.Р., Оразбекова И.Г., Бекмашева Б.Н.