Шығыстану факультетіндегі сенбілік

24 сәуір, 2023

     2023 жылдың 22 сәуірінде "Жер-Ана" күніне орай Шығыстану факультетінің студенттері мен оқытушылары университет кампусында сенбілік өткізді. Тазалауды бастамас бұрын барлық қатысушыларға қолғап, қаптар, тырма және басқа да жабдықтар берілді.  Олардың еңбекқорлығының арқасында факультет маңы қураған жапырақтар мен қоқыстан тазартылды. Оқу орнының айналасы айтарлықтай өзгеріп, сенбілікке қатысушылар тазалыққа үлкен үлес қосты.