Қайырымдылық жәрмеңкесі

24 сәуір, 2023

    2023 жылдың 10 сәуірінде Шығыстану факультетінде бірінші және екінші курс студенттерінің арқасында Еріктілер лигасының қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге студенттер өз қолдарынан әртүрлі тәтті тағамдар мен тіскебасарлар дайындап сатқан болатын. Тағамдардан бөлек жастар арасында кеңінен таралған түрлі суреттер мен 5 тілде жазылған қанатты сөздер сатылды. Оқытушылар мен оқушылардың көмегімен барлық дайындалған заттар лезде сатылып, жиналған сома қайырымдылыққа бөлінді. Жәрмеңкені байқаған адамдардың тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп, барлығы жәрмеңкені ұнатқандарын білдірді.                                                                                                                      

    Қорытындылай келе, жәрмеңкенің соңында 42 мыңдай теңге жиналды. Жиналған ақшаға Еріктілер лигасының қатысушылары "SOS Village" атты балалар үйіне барып, тәрбиешілердің қалауымен сұралған музыкалық колонканы сыйлады. Колонканы көрген балалар қуанып, бізге алғыстарын білдірді.