PhD доктор Джакубаева Салтанат Төлеуқызы "Understanding Central Asian Perspectives on Eurasia" атты халықаралық семинары қатысты

24 сәуір, 2023

      Шығыстану факультетінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі деканының орынбасары, PhD доктор Джакубаева Салтанат Төлеуқызы Үндістанның Дели қаласында өткен ICAF (the India-Central Asia Foundation) ұйымдастырған "Understanding Central Asian Perspectives on Eurasia" атты халықаралық семинарына қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті, оған Орталық Азия мемлекеттерінің Төтенше және Өкілетті Елшілері, Үндістан мен Орталық Азия елдерінің дипломаттары мен жетекші ғалымдары қатысты. Халықаралық семинардың ашылу салтанатында "Үнді-Қырғыз қатынастары: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер" атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанат Төлеуқызы "Eurasia in the Mirror of Central Asia" бірінші сессия отырысының негізгі спикері ретінде сөз сөйледі.