- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Бизнес-технологиялар" кафедрасы "6В04107 - Маркетинг" мамандығы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасын өткізді
"Бизнес-технологиялар" кафедрасы "6В04107 - Маркетинг" мамандығы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасын өткізді
«6В04107-Маркетинг» мамандығы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасынақатысу үшін Қазақстан Республикасының әртүрлі жоғары оқу орындарынан 20 өтініш берілді, олимпиаданың II турына 9 жоғары оқу орнынан 10 команда қатысты: Prime командасы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Green Team командасы (Алматы Менеджмент Университеті), Brain командасы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Графитные ростки командасы (Торайғыров университеті), Unity командасы (Халықаралық көліктік-гуманитарлық университеті), Ecolove командасы (Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті), PopStar командасы (С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті), TITUL командасы (Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті), GreeNovation командасы (Нархоз университеті), ECO-Trend командасы (Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті).
Олимпиада маркетинг саласындағы болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілді және талантты студент жастарды қолдау факторларының бірі болып табылады.
«6В04107-Маркетинг» мамандығы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың нәтижелері
1. ҚР ҒЖБМ І дәрежелі дипломымен - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің "Brain" командасы, Алматы қ.;
2. ҚР ҒЖБМ ІІ дәрежелі дипломымен - Нархоз Университетінің "GreeNovation" командасы, Алматы қ.;
ҚР ҒЖБМ ІІ дәрежелі дипломымен - "Green Team" командасы, Алматы Менеджмент Университеті, Алматы қ.;
3. ҚР ҒЖБМ ІІІ дәрежелі дипломымен – «Графитные ростки» командасы, Торайғыров университеті, Павлодар қ.;
ҚР ҒЖБМ ІІІ дәрежелі дипломымен – «Pop Star» командасы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана қ.;
ҚР ҒЖБМ ІІІ дәрежелі дипломымен – «Unity» командасы, Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті, Алматы қ.
Сонымен қатар, командалар келесі номинация бойынша марапатталды:
«Ең перспективалы ЭКО жоба» - Prime командасы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ).
«Ең ерекше идея» - TITUL командасы (Халықаралық инженерлік-технологиялық университет).
«Ең креативті команда» - ECO-Trend командасы (Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті).
«Ең әлеуметтік жоба» - Ecolove командасы (Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті).
Жалпы, "6В04107– Маркетинг" мамандығы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға Қазақстанның 3 өңірінің 9 ЖОО-нан 30 қатысушы қатысты. Олимпиаданың барлық қатысушыларына олимпиадаға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.
Олимпиаданың демеушілерімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КЕАҚ (www.kaznu.kz), "Freedom Finance Global PLC" Қоғамдық Компаниясы (https://ffin.kz/), KazAgroFeed ЖШС (www.kazagrofeed.kz), Kitapal ЖШС (https://instagram.com/kitapal.kz?igshid=YmMyMTA2M2Y), ADVERSO GROUP ЖШС(https://adverso.kz) олимпиадаға қатысушыларға сыйлықтар табысталды.