“Заманауи геодезиялық аспаптармен жұмыс жасау” тақырыбында дөңгелек үстел

10 наурыз, 2023

Наурыз айының 10 жұлдызында “Геодезия және картография қызметкерлері” күніне орай доцент Джангулова Гульнар Кабатаевна және кафедра докторанттары Хамит Нұржан және Аталыкова Назым Сұлтанғалиқызының ұйымдастыруымен 1-курс магистранттарымен “Заманауи геодезиялық аспаптармен жұмыс жасау және заманауи технологиялар” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге арнайы қонақ ретінде “Geokurs” компаниясының жетекші қызметкері Қойшығарин Айбек және кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Айбек Төреғалиұлы магистрант-студенттерге жаңа аспаптарды таныстырып, жұмыс істеу тәсілдерін көрсетті.