Ғылым мен өндірісті ұштастыру бүгінгі таңдағы маңызды міндет
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Қазмұнайгаз инжиниринг» институтының арасында жасалған Меморандум негізінде Механика - математика факультеті механика кафедрасының 4 - курс студенттері Елдосқызы Құралай мен Курумбаева Наргиза Астана қаласындағы «Қазмұнайгаз инжиниринг» институтында өндірістік және дипломалды практикалардан өтті.
Практика барысында өндірістің қойған тапсырмасы бойынша Елдосқызы Құралай “Полимер қоспасын түйіршікті ортаға енгізудің тиімділігіне жердің жарылуы мен ерімеген полимердің әсерлерін модельдеу”, ал Курумбаева Наргиза “ Қазақстандағы мұнай қабаттарында CO2 қолдану арқылы мұнай өндіруді арттыру процесін модельдеу” атты тақырыптарында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Зерттеу нәтижелері 2023 жылдың 12 сәуірінде Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті ғылым күні аясында ұйымдастырған “Ғылым және білім-2023” халықаралық ғылыми конференциясында баяндалып, студенттер III дәрежелі Дипломмен марапатталды. Ғылым мен өндірісті ұштастыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар әлі де жалғасатынына сеніміміз мол.