Өзбекстан сапары

4 мамыр, 2023

2023 жылдың 23-30 сәуір аралығында Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының профессоры Нәбижан Мұқаметханұлы Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының басшылығы мен бірқатар ғалымдарынан құрылған делегацияның құрамында Өзбекстан Республикасының Ташкент, Самарқанд қалаларында жұмыс сапарымен болып қайтты. Профессор Мұқаметханұлы түрлі дөңгелек үстелдер мен конференцияларға қатысып Орталық Азиядағы геосаяси процесстер мен оған Қытайдың ықпалына қатысты баяндамалар жасады. Нәбижан Мұқаметханұлының баяндамалары Өзбек ғалымдарының үлкен қызығушылығын туғызды.