Қытайтану кафедрасының студенті «Қытай тілі көпірі» халықаралық байқауында жүлдеге ие болды

18 мамыр, 2023
12 мамырда Ақылбас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің базасында «Қытай тілінің көпірі-2023» байқауының Республикалық кезеңі өтті.
Бейжіңде әлемдік аренада еліміздің атынан шығу құқығы үшін 26 қатысушы күресті. Бұл халықаралық байқау Қазақстанда 12 жылдан бері өткізіліп келеді.
Қытайтану кафедрасының 4- курс студенттері Бірлікұлы Ерлік пен Қайратқызы Мадина Алматы қаласы  атынан Қарағанды ​​қаласына осы байқауға қатысуға аттанды.
Бірлікұлы Ерлік ІІІ орынды иеленіп, жүлдегер атанды. «Үздік жетекшіі» сыйлығын  Мұқатай Клара алды. Оларды шын жүректен құттықтаймыз!