“Қазіргі заман қытай әдебиеті” оқулығы жарыққа шықты

18 мамыр, 2023

Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Абдырақын Нұрқалық және Бисенбаева Әселдің “Қазіргі замандағы қытай әдебиеті” туралы оқулық кітабының 2-бөлімі “Дарын” баспасынан жарыққа шықты.   Жоғары оқу орындарындағы шетел филологиясы және аударма ісі мамандығында білім алатын студенттерге арналған бұл оқу құралында қазіргі қытай әдебиеті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы жайлы сөз болып қана қоймайды, әр сабақ соңында тапсырмалар мен тест сұрақтары, СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар берілді. Сондай-ақ көркем шығармалардың түпнұсқасынан үзінділер берілді. Кітап-оқулық оқырман көңілінен шығады деп сенеміз!