Түлектер күніндегі ыстық қауышу

5 маусым, 2023

   2023 жылдың мамыр айының 27-ші жұлдызында Шығыстану факультетінде «Түлектер кеші-2023» өткізілді. Ресми іс-шараға биылғы түлектер ғана емес, осыдан 10, 20, 30 жыл бұрын университеттегі оқуларын тәмәмдаған түлектер де қатысты. Таңертең түлектер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бас ғимаратында өткізілген жалпы университеттік іс-шараға қатысып, Шығыс ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, содан кейін мереке факультетте жалғасты. Факультет деканы Ем Наталья Борисовна, сондай-ақ оқытушы-профессорлар құрамы құттықтау сөз сөйледі, біздің бұрынғы түлектеріміз үлкен еңбек жолына, ғылымға, шығармашылыққа терең білім мен жолдама берген өз университетіне, оқытушыларға шын жүректен алғыстарын білдірді, курстастарымен кездесті, студенттік өмірін еске алды және факультеттің биылғы түлектеріне жылы тілектерін білдірді. Іс-шара жоғары деңгейде өтті және бұл жақсы дәстүр болашақта да жалғасын табатындығы сөзсіз. Іс-шара өте әсерлі әрі жоғары деңгейде өтті. Аталмыш шара түлектеріміздің есінде мәңгі қалады деп үміттенеміз.