Харбин политехникалық университетінің өкілдері механика-математика факультетіне келді

12 маусым, 2023

     09.06.2023ж. механика-математика факультетіне ҚХР-нан Харбин политехникалық университетінің проректоры Чжэн Лянь, шет елдік эксперттерді басқару халықаралық қатынас департаментінің орынбасары Мэй Веньчжан, халықаралық қатынас басқармасының директоры Сюн Цзянь және математика факультетінің деканы Yuming Xing келді.

     Келген қонақтарға механика кафедрасының «Ғарыштық техника және технологиялар» және «Сұйық және газдар механикасы» лабораториялары таныстырылды. Сонымен қатар механика-математика факультетінің құрылымы, атқарып жатқан жұмыстары, ғылыми жобалары және жетістіктері айтылды.

     Баламалы энергетиканы пайдалану және декарбонизация бағыты бойынша ғылыми жұмыстар таныстырылып, «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығы жайлы бірер ақпарат берілді.