«Turksyb – CAREER DAY» атты вакансия жәрменкесі

21 маусым, 2023

2023 жылдың 15-маусым күні Алматы қаласының Түркісіб ауданында «Turksyb – CAREER DAY» атты вакансия жәрменкесі өтті. Бұл ауқымды шарада түрлі көрмелер, дәрістер мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Қытайтану кафедрасының кәсіптік-бағдар жұмысына жауапты оқытушысы Абдурақын Нұрқалық осы іс-шараға бастан-аяқ қатысып қайтты. Ол болашақ абитуренттермен кездесіп, біздің факультет туралы қызықты да пайдалы ақпарат беріп, сұрақтарына жауап берді.