Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының директоры Син хуа агенттігіне сұқбат берді

22 маусым, 2023

2023 жылдың 20-маусым күні Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының директоры профессор Нәбижан Мұқаметханұлы Син хуа агенттігінің Астана қаласындағы бөлімшесінің тілшісі Оспанов Қалиға сұқбат берді. Сұқбат Қытайдың қазіргі кезде жүргізіп отырған экологиялық саясаты мен қалыптастырып отырған экологиялық мәдениетінің дамушы елдерге қандай әсері бар деген бағытта өрбіді. 2018 жылы Қытай үкіметі өткізген Қазіргі заманғы Қытайтану форумына қатысып қайтқан профессор Мұқаметханұлы, осы сапар барысында Чжэ цзяң провинциясына жасалған экскурцияда алған әсерімен бөлісті.