- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары Назарбаев университетінде 2023 жылдың 16-17 маусымда 11-ші Орта Азиялық корейтану бойынша ғылыми конференциясына қатысты
Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары Назарбаев университетінде 2023 жылдың 16-17 маусымда 11-ші Орта Азиялық корейтану бойынша ғылыми конференциясына қатысты
Қиыр Шығыс кафедрасының профессорлары мен аға оқытушыларынан құралған үлкен делегация Назарбаев университетінде 2023 жылдың 16-17 маусымында өткен «Өзгермелі Орта Азия және корейтанудың жаңа парадигмасы» атты 11-ші Орта Азиялық корейтану бойынша ғылыми конференциясына қатысты. Аталмыш конференция Korea Foundation қорының қолдауы аясында Орта Азия бойынша корейтанушылар және корейтану оқытушылары ассоциациясы, Назарбаев Университеті Корейтану орталығы және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ұйымдастыруымен өткізілді. Биыл конференция Астана қаласында орналасқан Назарбаев Университетінде орын алып, Орта Азия елдері мен Корея Республикасынан басқа алғаш РФ, Түркия және Азербайжан ЖОО корейтанушыларының қатысуымен ерекшеленді. Сонымен қатар биылғы конференцияның Орта Азия бойынша корейтанушылар-оқытушылары ассоциациясының 11-жылдық қызметіне баға беру және қорытындылау тарапынан маңызы зор екенін айта кеткен жөн.
Пленарлы сессияда Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джо Тэ-ик, Korea Foundation қорының Мәскеудегі өкілдігінің басшысы Им Чолу, Назарбаев Университеті жанындағы Корейтану орталығының директоры Ко Хо Юн және Ассоциация төрайымы Шерикулова М.А. құттықтау сөз сөйледі.
Конференция жұмысы екі секцияға бөлініп, оның барысында корейтану бойынша мамандарды даярлау, корей тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру, корей тілі және басқа да корейтану пәндерін өткізу ерекшеліктері талқыланды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарапынан корейтану бөлімінің меңгерушісі Пак Т.Н., профессор, с.ғ.д.Мен Д.В., Korea Foundation қорынан жіберілген аға оқытушы Джанг Вон Ги, кафедра аға оқытушылары Серікбаева З.А., Абаған А.Б., Қабделова Ұ.С., Сермұхаметова Б.Б., и Сайлаукенова А.Е.. қатысып, белсенділік танытты. Делегация атынан профессор, с.ғ.д.Мен Д.В. және аға оқытушы, PhD докторант Сермұхаметова Б.Б. баяндамаларын таныстырып, тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды.
Сонымен қатар конференция барысында корейтану пәні бойынша корейлік және шетелдік оқытушылардың жұмысына қатысты туындаған мәселелерді шешу жолдары талқыланып, өзгермелі Орталық Азиядағы корейтану арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолдары қарастырылды.
Аталмыш конференцияның университетіміз үшін маңыздылығы мен ерекшелігі орасан зор болды. Өйткені конференция қатысушыларының дауыс беруі және бірауыздан қолдауы нәтижесінде келесі 12-ші конференция әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде корейтану кафедрасының құрылғанына 30 жыл толу мерекесі аясында өткізу туралы шешім қабылданды.