Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ХІІ жазғы универсиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

29 маусым, 2023

Ақтау қаласында өткен ЖОО арасындағы XII  жазғы универсиадада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бадминтон командасы алтын медаль жеңіп алды. Осы универсиада ойындарында шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының 2-курс магистранты Жақай Әйгерім мен 3 курс студенті  Амангелдина Аружан бадминтоннан университет намысын қорғады. Жеке есепте Әйгерім 1-орын, Аружан 3ші орын иеленіп, 28 шілде мен 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласына өтетін дүниежүзілік универсиадаға жолдама алды.