Солтүстік Батыс университетінің делегациясы Шығыстану факультетіне келді

18 шілде, 2023

2023 жылдың 18-шілде күні ҚХР Солтүстік Батыс университетінің делегациясы факультетімізге қонақ болып келіп кетті. Аталған Қытай университетінің 3 оқытушысы мен 18 студенті Шығыстану факультеті мен Конфуций институтын аралап көрді. Конфуций институтының директоры Р.Ө. Асылбеков пен Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Е.Ә.Керімбаев студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, болашақта біздің университетте оқуға шақырды.