ҚазҰУ студенті Сейітқазы Еламан – жазғы спартакиада чемпионы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3-курс студенті Сейітқазы Еламан жуырда ауыр атлетикадан ҚР VI жазғы спартакиада чемпионы атанды. Ерлер мен әйелдер арасындағы жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық атлет қатысты.
81 келі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Еламан 336 (150+186) көрсеткішімен бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын Шымкент қаласының өкілі Александр Уваровқа 335 (149+186) бұйырса, шығысқазақстандық Денис Уланов 325 (145+180) үшінші орынды иеленді.
Сейітқазы Еламан – Қазақстан чемпионатының ауыр атлетикадан бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі. Биыл ол ауыр атлетикадан Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өткен Азия чемпионатында кіші алтын медаль иеленді.
Спортшыны кезекті жеңісімен құттықтаймыз және спортта үлкен жетістіктер тілейміз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі