- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық қатынастар факультетіндегі тұрақты даму бойынша семинар қазақстан-германдық ынтымақтастық көрінісі ретінде
Халықаралық қатынастар факультетіндегі тұрақты даму бойынша семинар қазақстан-германдық ынтымақтастық көрінісі ретінде
2012 ж. 29 наурызында халықаралық қатынастар факультетінің студенттері мен магистранттары Германдық зерттеулер бойынша Орталықтың Ф. Эберт атындағы Қордың бірлесуімен өткізген «Қоршаған орта және тұрақты даму: герман және қазақстандық тәжірибе» аталған оқытушы семинарға қатысты.
Семинардың барысында неміс референттерінің жетекшілігімен топтасқан 25 адам төрт тақырыптық блок бойынша жұмыс істеді: «Германиядағы қоршаған орта саласындағы саясат» (Малина Вейндль); «Орталық Азиядағы су ресурстарының трансшекаралық менеджменті» (Барбара Януш); «Экологиялық есеппен байланысты қауіптер мен қатерлер» (Надин Арендт); «Қоршаған ортаны қорғауға қатысты халықаралық-құқықтық мәселелер» (Мелани Франк).
Қатысушылардың күрделі мәселелерді орыс және ағылшын тілінде интерактивті түрде талқылауы Орталық Азия мен Қазақстандағы экологиялық саясаттың өзекті мәселелері мен келешегін анықтауға мүмкіндік берді.
Семинарда БАҚ-тың Германиядағы экологиялық қауіпсіздіктің қағидалары мен нормаларын таратуда қалай қатысады, Еуропа қалай 2020 жылы «3х20» бағдарламасына қалай қатысады деген сияқты экологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Қатысушылардың көлік саласындағы экологиялық сананы қалыптастыруға мүмкіндігіне қатысты пікірлері талқылаудың негізіне айналды.
Аудиторияның үлкен қызығушылығын Орталық Азиядағы су ресурстарын басқаруда қандай құқықтық және саяси шарттар қажеттілігі туралы баяндама тудырды. Талқылауда халықаралық қатынастар факультетінің студенттері мен магистранттар, әсіресе Мисина С., Ли Ю., Юрченко А., Жакупов Д., Досымбеков В., Хашимбаев Л. Және т.б. белсенділігін байқатты. Мұндай белсенділік неміс сарапшылары тарапынан айрықша атап өтілді. Семинардың жұмысын жалғастыру туралы ұсыныс жасалынды. Барлық қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттар беріледі.
Семинарды ұйымдастырушы Герман зерттеулері бойынша Орталықтың директоры проф. Губайдуллина М.Ш.