ҚазҰУ-ға ақпараттық құқық мәселелері жөніндегі Институт директоры (Ресей), ММУ профессоры, журналист Андрей Рихтер келді

9 сәуір, 2009

2009 жылдың 4-8 сәуір аралығында журналистика факультетінің студенттері мен оқытушылары ММУ профессоры, «Отандық БАҚ тарихы» кафедрасының меңгерушісі, ресейлік классикалық университетке сапалы білім беру мақсатында оқулықтарды талқылайтын ОӘБ шешімімен шыққан«Журналистиканың құқықтық негіздері» оқулығының авторы Андрей Георгиевич Рихтердің семинары мен шеберлік сыныбына қатысуға мүмкіндік алды.
Профессордың дәрістері мен кеңестері қазіргі БАҚ құқықтық өзекті мәселелері мен интернет-журналистикаға, шетелдік медиаға бағытталды.
Журналистика факультетінің 230-аудиториясында өткен алғашқы дәрістің өзінде ине шаншар орын болмады. Андрей Рихтер алғашқы дәрісін «Ресей мен Қазақстанның ақпараттық құқықтары» атты тақырыпта 1-4 курс студенттеріне оқыды. Аталмыш тақырыпқа орай студенттер тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, БАҚ құқықтық негіздеріне, тарихы мен теориясына қатысты ой-пікірлер туындады. Әсіресе, интернет-журналистика мәселесіне қатысты дайындалған электронды дәріс үлкен қызығушылықтарын оятты.
Андрей Рихтердің негізгі жұмыс келісімшарты журналистика факультеті Phd докторанттары болғандықтан, оларға «Бұқаралық ақпарат бостандығы», «Терроризм, экстремизм және БАҚ», «Интернетті пайдалану құқығы» т.с.с. дәрістерді жүргізіп, бүгінгі Қазақстандағы он-лайн журналистика мен басылымдардағы құқықтық зерттеулер негізінде жобалар жасауды жоспарлады.
7 сәуір күні журналистика факультетінің халықаралық журналистика және телевидение саласының кәсіби мамандарының ұйымдастыруымен «Сандық телевидениенің қалыптасу кезеңіндегі ақпараттық құқық» дөңгелек үстел болып өтті.
Пікірсайысқа Интерньюс өкілдері: атқарушы директоры Маржан Елшібаева, заң жобаларының жетекшісі Нұржан Бейсембаев, заңгер Гүлмира Қожақова, Интерньюс веб-сайтының редакторы Марина Будиянская, «Журналист қиындықта» қорының президенті Розлана Таукина, Қазақстан телерадиохабарлар Ұлттық Ассоциациясының Атқарушы директоры Шолпан Жақсыбаева (ҰТА), сондай-ақ, «Қоғамдық позиция» қоғамдық-саяси газетінің төрайымы Галина Дырдина шақырылды
Дөңгелек үстелдің модераторы, журналистика факультетінің деканы, профессор, медиа-коммуникация саласын зерттеуші авторлардың бірі Ибраева Ғалия Жүнісқызы баяндама жасады.