"Айқын" - республикалық қоғамдықөсаяси газет
10 тамыз, 2012
Алматы қаласына Лондон Олимпиадасының алтын медаль иегерлері - Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедова ұшып келді.
Алматы әуежайында Қазақстанның батыр қыздарын алматылықтар ел болып қарсы алды. Құшақ-құшақ гүлдер, көтеріңкі көңіл-күй және туған-туыстардың көз жасы, жиналған жұрттың қуанышында шек болмады. Алтынмен апталып келген чемпиондар сол жерде баспасөз мәслихатын өткізіп, өздерінің жеңіс жолындағы естеліктерімен бөлісті.
Cонымен қатар үш алтын алған қаһармандармен әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде де кездесу болып өтті.
Баспасөз мәслихатына жиналғандар Светлана Подобедованың қолындағы Алматы апортына басты назар аударды. Ал бұл сыйлықты Қазақ ұлттық университетінің студенттері спорт және дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Анатолий Арещенконың бағынан әкелген екен. Исі мұрын жаратын апортты қолына алған Светлана Подобедова Алматы алмасы оған күш-қуат беретінін айтты.
- Осы сыйлығымыз арқылы біз өз студентімізге құрмет көрсеттік. Алманың атасы Алматы қаласы екенін мақтанышпен дәлелдедік. Үлкен, ауыр әрі бәсекелі жарыстан соң алма біздің жеңімпаз студентке қуат беретінін білеміз. Өйткені бұл апорттың жөні бөлек, - деді университеттің спорт және дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Анатолий Арещенко.
ҚазҰУ-дің студенттері және ұстаздар қауымы Олимпиада жеңімпазымен бірқыдыру әңгімелесті, көкейде жүрген сауалдарына жауап алды. Студенттер суретке түсті, жеңімпаздар қолтаңба берді. Сонымен қатар Светлана Подобедовамен бірге кездесуге төрткүл дүние көз тіккен сайыстан алтын алған Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза да келді.
Ал спортшыларды Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов құттықтады.
Университеттің заң факультетінде оқитын Светлана Подобедоваға алтын алған сәтте университет ректоры Ғ.Мұтанов «Университет ұжымы сенің жеңісіне сенді. Лайықты өнер көрсеттің. Халқыңа одан әрі қызмет ете бер» деп жеделхат жолдағаны белгілі.
Светлана үмітті ақтады.
Еркін ҚАЛДАН

Басқа жаңалықтар
28 қараша, 2024
28 қараша, 2024
28 қараша, 2024