Желілік университеттердің қазіргі ахуалы мен болашағы талқыланды
2012 жылдың қараша айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және Бизнес Жоғарғы мектебі «ТМД желілік университеті» жобасының қазіргі жағдайы мен болашақ дамуы туралы талқылауға арналған халықаралық конференциясын өткізді.
“ТМД Желілік Университеті” жобасы 2008 жылы РУДН арқылы құрылған. Жобаға ТМД қатысушы мемлекеттерінің Гуманитарлық әріптестігінің Халықаралық қоры қолдау көрсетеді. Желілік Университет консорциумына 9 елдің 22 үздік университеті кіреді: Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Беларусия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина.
2011-2012 оқу жылында Ресейдің озық жоғарғы оқу орындары Достастықтың 8 мемлекетінен Желілік университет бағдарламасы аясында білім беру үшін 163 студентті қабылдады, соның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан 40-тан астам магистранттар жоба бойынша білім алды.
Конференцияға Алматы қаласының ЖОО ғалымдары, Қазақстанның жас ғалымдары, ТМД елдерінен қонақтар қатысты. Конференция барысында академиялық жылжымалылық бойынша оқытудың негізгі бағыттары, сондай-ақ ТМД елдерінің ЖОО қарым-қатынасын жақсарту туралы сұрақтар қарастырылды. Қазіргі заманғы экономикадағы ТМД елдерінің ЖОО-ның желілік қарым-қатынасының маңызды рөлін ескере отырып, әрі қарай тұрақты сапаға жауап беретін қатысушы ЖОО санын көбейту мен жылжымалылықты арттыру туралы шешім қабылданды.