Дөңгелек үстелде дінаралық келісім мәселесі қаралды

14 қаңтар, 2013

Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Діни тағаттылық (толеранттылық)» күніне арнап «Қазақстандағы дінаралық келісім» атты дөңгелек үстелін өткізді.

Еліміз түрлі дәстүрлер мен мәдениеттердің тоғысқан мекені. Өйткені, конфессияаралық бейбітшілік Қазақстан үшін оңай шаруа болмаса да қазіргі уақытта еліміз бүкіләлемдік діни-рухани форумның орталығы болып отыр. Дін арасындағы татулық, ел тұрақтылығының кепілі. Татулық кез келген елді, халықты тек жақсылық пен ынтымаққа, бірлікке жетелейді. Татулық – ол барға қанағат етіп, жоққа сабыр жасап, бірлік пен төзімділікті ту еткен ел мен халықта болады. Бүгінгі таңдағы дін мен тіл және ұлт арасындағы толеранттылық осыларды қамтиды. Осы орайда, діни төзімділікке тәрбиелеп, этностардың дәстүрлі мәдениетін сақтау, арадағы сыйластықты арттыру мақсатында білім ордасы ҚазҰУ-да көрінісін тапты. Дөңгелек үстелге әр факультеттердің аға куратор-эдвайзерлер қатыстып, студенттер тәрбиесіндегі діни төзімділікке байланысты өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Философия және саясаттану факультеті

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы