Жаратылыстану және техника салалары бойынша семинар-тренинг өтеді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да KIUCEE , Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға арналған Қазақ-Үнді-Америка жобасы аясында «Жасанды интеллект және робот жүйесіндегі өзекті мәселелер» тақырыбында II халықаралық оқу семинары өткізіледі.
Инженер, математиктер мен технолог мамандарға, жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы жоғары оқу орындары оқытушыларына және инженерлік саладағы мекемелер қызметкерлеріне арналған мастер-класстарды Арканзас университетінің PhD докторы, Acxiom корпорациясының мәліметтерді интеллектуалды талдау, машиналық тәсілде оқыту және мәліметтерді басқару жөніндегі кеңесшісі профессор Сяовей Сюй және Бриджпорт университетінің құрметті профессоры, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми зерттеулер жөніндегі вице-президенті, Инженерлік және компьютерлік ғылымдар факультетінің деканы, Пәнаралық интеллектуалды алдын-ала байқау және басқару робототехникасы зертханасының негізін қалаушы және директоры, доктор PhD М. Тарек жүргізеді.
Оқу семинар ағылшын тілінде жүргізіледі.
Оқу семинарды табысты аяқтаған тыңдаушылар оқу соңында сертификаттармен марапатталады.
Оқу семинардың өтетін мерзімі мен орны: 23-25 қаңтар 2013 жыл, сағ. 10.00 - 16.00.
Оқу семинар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде өткізіледі (309-213 дәрісхана).