ҚазҰУ магистранттары Мәскеуде қазақ ұлттық дастарханын таныстырды
2013 жылы 25-26 қаңтарда Мәскеу РХДУ-да (Ресейлік Халықтар Достығы Университеті) өткен «Жоғары оқу орындар ортасында қонақжайлылық индустриясы үшін құзіреттіктерді қалыптастыру» атты халықаралық конференция шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасының екі дипломдық бағдарлама бойынша оқып жатқан магистранттар «Ұлттық асхана мәдениетаралық коммуникациялар құралы ретінде» атты жобасын ұсынды.
Қазақ дастарханы әділ-қазылар мүшелерімен бірге форумға қатысқан басқа елдер өкілдерін де қызықтырды. Жоба сюжетінің негізінде Наурыз мейрамын тойлау дәстүрлері жатыр. Жақсы көңіл-күй қалыптастыра отырып, қатысушылар тарих және ұлттық салт-дәстүрлер туралы білімдерін көрсете білді, ал олар дайындаған тағамдар – наурыз көже, бесбармақ, бауырсақтар тура үйде дайындалған тағамдардан бірде-бір кем түспеді, осы тағамдарды дайындау үшін кейбір компоненттерін Қазақстаннан арнайы алдырылды.
«Осындай форумдарға қатысу барысында университетте үйренгенімізді, топта жұмыс істеуге, өз көзқарастарымызды дәлелдей алуға тәрбиелейді. Ұлттық кәсіби аудитория алдында өз еліңді, өзіміз оқыған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таныстыру біз үшін өте мәртебелі және жоғарғы жауапкершілікті қажет етеді» деп ойларын бөлісті Қазақстаннан келген магистранттар.
Рекреациялық география және туризм кафедрасы