«V Бағызбаева оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференция
Конференцияда қолданылатын тілдер: қазақ, орыс, ағылшын.
Жоспарланған жұмыс түрлері: пленарлық мәжіліс ( баяндама - 20 минут), секциялық мәжілістер (баяндамалар мен хабарламалар - 15 минут).
Конференцияға қатысуға тапсырыс беру мен тиісті материалдар жазбаша және электронды түрде 2013 жылдың 20 наурызына дейін төмендегідей мекен-жай бойынша қабылданады:
050040 Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, 3-4 кабинет.
Тел. 8 (327) 3773433; 3773330 немесе 3773331 ( ішкі тел.:. 1331).
Тапсырыс пен баяндама мәтінін сондай-ақ электронды пошта арқылы жібере аласыз: e-mail: konf.filol_2012@mail.ru
Ұйымдастыру жарнасы – 5000 теңге.
Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген баяндамалар жарияланбайды.
Конференцияға қатысты қосымша мәліметтерді ұйымдастырушалар алқасынан ала аласыздар:
Джолдасбекова Баян Өмірбекқызы – орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор;
Конференция материалдарын алдын-ала жариялау жоспарлануда.
Конференцияға қатысушылардың жолақысы, жүріп-тұруы мен тамақтануы – іссапарға жіберуші тараптың есебінен.
ҚОСЫМША
Жариялауға арналған баяндаманы дайындау талаптары:
- § А 4 қағаз форматы;
- § файл форматы: * rtf;
- § Windows үшін MS Word мәтіндік редакторы ;
- § 7 парақ көлемінде;
- § Times New Roman шрифті, 14 – кегль , жоларалық интервал – 1;
- § поля: жоғарғысы – 20 мм, төменгісі – 20 мм, сол жағы – 20 мм, оң жағы – 20 мм;
- § беттің жоғарғы жағында – баяндама тақырыбы ( ортасында, бас әріптермен, шрифт – 12 кегль (жирный)); төменде, бір интервалдан кейін – фамилиясы, автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ұйым аты, қала; төменде, екі интервалдан кейін – баяндама мәтіні; төменде, бір интервалдан кейін, – пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- § азат жол: 1, 25 см;
- § ені бойынша түзеу;
- § парақтарды нөмірлемеу;
- § тасымалдауға рұқсат етілмейді, мәтіндік ерекшелеу – курсив арқылы;
- § Жұмыс соңында реттік нөмір бойынша дереккөздердің толық тізімі беріледі. Сілтемелер тік жақшалармен көрсетіледі [1, 18]. Бірінші сан тізімдегі дереккөз нөмірін, ал екіншісі – дереккөздің бет санын білдіреді;
- § Пайдаланылған әдебиеттер тізімі («Әдебиет» тақырыбында) негізгі мәтіннің соңында МЖБС талаптарына сәйкес келтіріледі.