- Басты бет
- Жаңалықтар
- Саясаттану бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының жыл сайынғы республикалық конкурсы
Саясаттану бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының жыл сайынғы республикалық конкурсы
Конкурстың II кезеңіне қатысу үшін саясаттану бойынша студенттердің ғылыми жұмысын ұсыну кезінде жоғарғы оқу мекемесі конкурстың бөліміне сәйкес келесі құжаттарды базалық ЖОО-ға жібереді:
1) ғылыми жұмыс;
2) ғылыми жұмыстың аннотациясы (қосымша 1);
3) өз бетімен орындалған жұмыстың деңгейі туралы ғылыми жетекшінің пікірі (ерікті формада);
4) автор және ғылыми жетекші туралы мәлімет (қосымша 2);
5) конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хаты немесе жұмысты конкурсқа ұсыну туралы ЖОО Ғылыми кеңесінің хаттамасымен рәсімделген шешімі (қосымша 3).
СҒЗЖ конкурсына студенттердің 1,5 интервал арқылы терілген ғылыми жұмысының бір данасы тапсырылады. Жұмыстың көлемі 20 беттен кем болмауы тиіс. Макеттер мен табиғи экспонаттарды көрсетуге болмайды. Жұмысқа қосымша ұсынылатын сызбалар мен иллюстрациялар стандартты өлшемге сәйкес парақта жинақталған болуы тиісті.
Ғылыми жұмысқа ғылыми мақалалар, авторлық куәлік көшірмелері, ғылыми жұмыстың нәтижесін енгізілуі туралы актылар (актылардың көшірмелері) қоса тіркеуге болады. Конкурста дипломдық, курстық жұмыстар және жобалар көрсетілуі мүмкін, егер олардың ғылыми жаңалығы болса немесе олардың нәтижелері өндіріске немесе оқу үрдісіне енгізу қарастырылса.
Жеке мөр басылған қорапта автор туралы және жұмыстың ғылыми жетекшісі (жетекшілер) туралы мәлімет, сондай-ақ ректордың (проректордың) қолы қойылған ашық конкурстың бірінші турының қорытындысы туралы хаты немесе СҒЗЖ конкурсына жұмысты ұсыну туралы ЖОО Ғылыми кеңесінің шешімі болсын. Соның ішінде, егер жұмыс авторлық ұжыммен орындалса, онда авторлар тізімі олардың арнайы салымына сәйкес көрсетіледі.
Талаптарға сәйкес келмеген жұмыс көрсеткен жағдайда конкурстық комиссия жұмысты конкурсқа қабылдамай тастауға құқы бар.
Саясаттану бойынша конкурстық комиссия ОӘК отырысында көпшіліктің ашық дауыс беру нәтижесінде, сондай-ақ отырыста комиссия құрамының 2/3 мүшесінен кем болмаған жағдайда шешім қабылданады.
Конкурстың III кезеңіне қатысу үшін студенттердің үздік ғылыми жұмысын ұсыну кезінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ОӘК 2 сәуірге дейін ОӘК отырысының хаттамасымен рәсімделетін, саясаттану бойынша Министірліктің республикалық комиссиясына жібереді.