«Биологиялық әртүрлілік және табиғат пен қоғамның тұрақты дамуы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

26 мамыр, 2009

2009 ж. 12-13 мамырда биология факультетінің базасында ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Стратегиялық реализациясы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің және Биология факультетінің 75-жылдығына арналған «Биологиялық әртүрлілік және табиғат пен қоғамның тұрақты дамуы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференциямен бірге «Қазақстанның биологиялық алуантүрлілігі» фотокөрмесі, университет ғалымдарының ғылыми мақалаларының көрмесі, сондай-ақ адам дамуы, су ресурстары, биоалуантүрлілік, тұрақты даму және т.б. бойынша Қазақстанда БҰҰДБ есебінің презентациясы өтті.

Конференцияға 350-ден астам адам қатысты. Алыс және жақын шет елдерден (АҚШ, Франция, Үндістан, Египет, Ресей, Өзбекстан, Қырғыз, Украина, Дағыстан, Литва, Башқұртстан) баяндамалар жасалды

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ -ң  ғылыми жұмыстары жөніндегі проректоры Н.М. Темирбековтың құттықтауы

Конференцияның салтанатты ашылуында алғашқы сөзді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры Темірбеков Н.М. пен биология факультетінің деканы Шалахметова Т.М. сөйледі.

Конференция ашылуы

Пленарлық мәжілісте академик И.О.Байтулиннің, М.Х.Шығаеваның, профессор М.Даниленконың (Бен-Гурион университеті, Израиль), профессор И.М.Жолдасованың (Биоэкология институты, Нүкіс, Өзбекістан), профессор Р.Ш. Шоякубовтың («Ботаника» НПЦ Ташкент, Өзбекістан), профессор А.Б.Биғалиевтің, профессор Н.М.Мұхитдиновтың, профессор А.А.Жұбанованың, Л.К.Мамоновтың (Биология және биотехнология институты, Алматы) 9 баяндамалары тыңдалды.

Мәжіліс 4 секция бойынша өтті:

1.Өсімдіктер биоалуантүрлілігі

2. Табиғат пен қоғамның тұрақты дамуы және экологияның өзекті мәселелері

3.Микроорганизмдер мен жануарлардың биоалуантүрлілігі

4.Экспериментальды биология

58 адам ауызша баяндама жасады.

 Табиғат пен қоғамның тұрақты дамуы және экологияның өзекті мәселелері секциясының жұмысы

13 мамырда қабырға баяндамалары бойынша сессия өтті. Барлығы 36 баяндама жасалды.

Дәл осы күні конференцияның жабылуы болды. Мәжілісте секцияның төрағалары проф. Н.М.Мұхитдинов, проф. А.Б.Бигалиев, проф. С.Т.Нұртазин және проф. С.Т.Төлеуханов сөйледі.

Резолюция қабылданып, конференция нәтижелері анықталды.

 Микроорганизмдер мен жануарлардың биоалуантүрлілігі секциясының отырысы

ҰҒА академигі М.Х. Шигаеваның "Хабар" телеарнасына сұхбат беруі Ғылыми кітаптар көрмесі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің және Биология факультетінің 75-жылдығына арналған «БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІК ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының

РЕЗОЛЮЦИЯСЫ

1. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау, табиғат пен қоғамның тұрақты дамуы және экологиялық, әлеуметтік, құқықтық сұрақтар мен мәселелерді талдауға алыс және жақын шет елдер мен әртүрлі ғылыми орталықтардың мамандарын біріктірген «БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІК ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ» атты конференцияның өз уақытында жүргізілгенін және өзектілігін атап айту керек

2. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау бойынша әртүрлі мекемелердегі мамандармен біріккен зерттеулерді жүргізу қажеттілігін мойындау керек

3. Бүлінген экожүйелерді қайта қалпына келтіруге мүмкіндік беретін Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері, қоршаған орта жағдайы мониторингінің сұрақтары бойынша, технологиялық өңдеулер туралы ғылыми ақпараттарды тұрақты алмасуды жүзеге асыру керек

4. Аймақтардың экожүйесі жағдайын бағалауға арналған мониторингтік зерттеулер жүргізілетін тендерлерге белсенді қатысу және Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау Министрлігімен өзара байланысты күшейту қажеттілігін мойындау керек

5. Үкіметтік емес тәуелсіз экологиялық ұйымдармен біршама тығыз байланыстарды және олармен бірігуді қолдау керек

6. Конференцияда берілген пленарлық баяндамаларды әл-Фараби атындағы «ҚазҰУ Хабаршысы» журналының «Экология» және «Биология» серияларына жариялау керек

7. Конференция материалдарын барлық ірі кітапханаларға, ЖОО және Қазақстанның ҒЗИ, жақын шет елдердің, үкіметтік емес тәуелсіз мекемелердің ғылыми орталықтарына тарату керек

8. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелеріне арналған конференцияларды тұрақты жүргізу қажеттігін мойындау керек

Конференцияға қатысушылар конференцияны ұйымдастыруға көрсетілген көмектері үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ҒЗИ экология мәселелері дирекциясына және биология факультетінің деканатына, ҚазҰУ ректоратына өздерінің алғыстарын білдіреді.

2009 жыл 13 мамыр

Конференция материалдарының «Биологиялық әртүрлілік және табиғат пен қоғамның тұрақты дамуы» жинағының 2 бөлімі баспадан шықты. «Қазақ университеті» баспасы, 2009 ж., 1б.-295б., 2б.-331б.

Конференция қатысушылары Ауызша баяндамалар