Ата-аналар БҰТ тапсырушыларын он-лайн жүйесі арқылы көруге мүмкіндіктері бар

5 маусым, 2009

Алматы. 4 маусым 2009 ж. Бүгін Бостандық ауданының 730 мектеп оқушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында БҰТ тапсыруды бастады. БҰТ-тың алғашқы күнінде 16 орта мектеп қатысты. 6 маусымда өтетін екінші лекке 23 аудан мектептері қатысады деп жоспарлануда.

БҰТ-ты тапсыруда ҚазҰУ-дың экономика, заң және биология факультеттерінің корпустарында 7 аудитория бөлінді. Емтихан тапсырушылар аталмыш аудиториялармен жақсы таныс, мамыр айының басында дәл осы аудиторияларда олар сынақтан өткен еді.

ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінше биыл БҰТ 3 - 3,5 сағатқа созылды. Ата-аналар балаларының қалайша емтихан тапсырып жатқандығын далада орнатылған экраннан көре алады.

Ең алғаш рет университеттегі БҰТ ҚазҰУ-дың сайтынан (http://www.kaznu.kz) он-лайн жүйесі арқылы беріледі.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі