ҚазҰУ-да Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті

31 мамыр, 2013

Әл-Фараби атыдағы ҚазҰУ жанында НАТО жөніндегі РАО және «Орталық Азия үшін Әл-Фараби-Карнеги» бағдарламасының қатысушылары Швед қорғаныс зерттеулер институтымен бірлесіп, «НАТО әскерлерін шығарудан кейінгі Ауғанстан - Орталық Азия елдері үшін қауіпсіздік мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына ҚР-дағы Швеция корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Манне Вэнгборг, Швед қорғаныс зерттеулер институтының өкілдері, Орталық Азия елдерінің сарапшылары және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің профессорлары және оқытушылары қатысты.

Дөңгелек үстел негізгі Орталық Азия үшін Ауған болашағы - ұлттық және аймақтық серпінділік (Central Asian perspectives on Afghanistan – national and regional dynamics), Орталық Азия және Ауғанстан 2014 жылдан кейін: Ауғанстан және сыртқы акторларының мүмкіндіктері (Central Asia and Afghanistan post 2014: perspectives from Afghanistan and of external actors), Орталық Азия үшін салдары – жалпы талдау (Consequences for Central Asia - general discussion) атты тақырыптар шеңберінде өтті.

Дөңгелек үстел жұмысының нәтижелері бойынша қатысушылар 2014 жылдан кейінгі Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында одан әрі аса тиімді аймақтық ынтымақтасты, сонымен қатар Швед қорғаныс зерттеулер институтымен (FOI) ынтымақтастықты нығайту қажеттілігі туралы қорытынды жасады.

Халықаралық қатынастар факультеті