«Tarzhiman» жас аудармашылар ұйымында 4 курс, орыс тобы студенттерінің ұйымдастыруымен поэтикалық тәржіма кеші өтті. Кеш клубтың ғылыми жетекшісі, доцент Л.Ж.Мұсалының поэзияның сұлулығы мен тәржіма өнері жөніндегі әсерлі сөздерімен басталды.
Ағылшын поэзиясының классигі У.Шекспирдің 5 сонетінің түпнұсқасы, орыс тіліндегі тәржімасы және Мұқағали Мақатаевтың тәржімасы қатар оқылды, талданды. Сондай-ақ, Э.А.Поның «Ворон», Г.В. Лонгфеллоның «Стрела и песня», М. Макатаевтың «Алдыңнан терезеңнің жүріп өттім» өлеңдерін қазақ-орыс тілдеріндегі тәржімалары тыңдалды. Түрлі поэтикалық ойындар жүргізіліп, 1 курс студенттерінің шығармашылық қабілеті шыңдалды. Кеш болашақ аудармашылар үшін өте пайдалы болды.
Басқа жаңалықтар
26 қараша, 2024
26 қараша, 2024
26 қараша, 2024