- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да университет жанындағы Жұмыс берушілер кеңесі мен баспа, полиграфия және кітап таратушы мекемелердің бас қосуы өтеді
ҚазҰУ-да университет жанындағы Жұмыс берушілер кеңесі мен баспа, полиграфия және кітап таратушы мекемелердің бас қосуы өтеді
2014 жылдың 4 наурыз күні сағ.15.00-де (230-ауд.) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Жұмыс берушілер кеңесі мен баспа, полиграфия және кітап таратушы мекемелердің бас қосуы болады.
Бас қосуда «Баспа ісі мамандарын даярлаудың ғылыми-инновациялық бағыттары мен оларды жұмыспен қамту жолдары» атты тақырыпта талқылау, «Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған Бас келісім» негізінде университет пен ҚР Кітап палатасы, баспа-полиграфия, кітап тарату мекемелерінің басшылары арасында келісім-шарттар жасалады деп күтілуде. «Баспа ісі» және «дизайн» мамандықтарының оқу-жұмыс бағдарламаларын, дипломдар мен диссертациялар тақырыптарын талқылау да бас қосуда қаралады. Және жұмыс берушілердің студенттерге мансап пен қызмет ұсыну шаралары өтеді.
Ұйымдастырушылар: Жұмыс берушілер кеңесі, Журналистика факультеті Баспа ісі және дизайн кафедрасы