4-10 тамыз аралығында Халықаралық қатынастар факультетінде жазғы мектеп өтеді
2014 жылдың 4-10 тамыз аралығында ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде «Орталық Азиядағы модерницазия мен қақтығыстар» («Modernization and Conflict in Central Asia») атты халықаралық жазғы мектеп өтеді. Жазғы мектепке қатысушылар студенттер, магистранттар, докторанттар және әлемнің тоғыз елінен келген соның ішінде Германия, Канада, Швеция, Қытай, Моңғолия, Орталық Азия республикалары мен Қазақстанның жас оқытушылары.
Жазғы мектепті өткізудің мақсаты қазіргі халықаралық саясаттағы шиеленіспен Орталық Азия елдерінің болашақтағы дамуына, мемлекеттік, саяси, экономикалық, мәдени модернизацияға қатысты өзекті мәселелерді талқылау. Жазғы мектеп екі модульден тұрады: 1) сарапшылар семинары, оны қазақстандық және шетелдік оқытушылар жүргізеді және 2) қатысушылар панелі, онда олардың ғылыми зерттеулерінің тақырыптары қарастырылады. Одан өзге сарапшылармен қонақтық кездесу ұйымдастырылмақ. Солардың бірінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік басшысы Әлихан Байменов қатысады.
«Modernization and Conflict in Central Asia» жобасының ұйымдастырушылары Гамбургск университетінің бейбітшілік пен саясат қауіпсіздігін зерттеу институты (др. Себастьян Шик, Азамджон Исабаев), ҚазҰУ-дың германдық зерттеулер орталығы (проф. Мара Губайдуллина), Қазақстандағы жобаның үйлестірушісі Эльвира Пак.
Мектеп Германияның сыртқы істер министрлігі мен DAAD-ның қаржылай қолдауымен, Регенсбургстік университеттің Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Еуропаны зерттеу институтымен кооперациясымен өткізіліп отыр.
Жазғы мектептің өтетін орны мен уақыты: ХҚФ (Ғылыми кеңес залы) Қарасай Батыр көшесі, 95, сағат 9.30-17.30 (арасында кофе-брейк пен түскі асқа үзіліс). Қосымша ақпараттар: е-mail: maragu@mail.ru; schiek@ifsh.de.