ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ

22 қазан, 2014

2014 жылдың 28 қараша күні Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Қазақстанның бірінші Президент күніне арналған «ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ» атты халықаралық конференция өтеді.

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасына қатысты Еуразиялық ғылыми-зерттеу орталығы және ҚР Нұрбанкі.

Конференция бағдарламасында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясының тарихы мен дамуы, еуразиялық интеграцияның теориялық және практикалық мәселелері, ЕАЭО шеңберіндегі саяси, экономикалық және құқықтық аспектілер, қоғамның интеграцияны қабылдауы және сондай-ақ, еуразиялық интеграцияның кеңеюі мен тереңдеуінің қазіргі проблемалары мен перспективалары секілді басты бағыттар қарастырылған.

Конференция барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің студенттері мен Еуразиялық жастар қозғалысының (Мәскеу қ.) on-line конференциясы өтеді, сонымен қатар, «Президент Н.Назарбевтың Еуразиялық идеясы», «Евразийство: история, теория, практика» кітаптарының презентациясы ұйымдастырылады.

Конференцияға шақыртылады: дипломатиялық корпус, мемлекеттік құрылым, НПО, халықаралық ұйым өкілдері және бұқара ақпарат құралдары.

Конференция шеңберінде еуразиялық проблематикаға арналған студенттердің ғылыми жұмыс конкурсы ұйымдастырылады, ал оның аяқталуында студенттердің конкурстық жұмыстарының нәтижелері жарияланып, дипломдар және қаржылай сыйақылар беріледі.

Конференция материалдары бөлек жинақ ретінде баспаға шығады.

Инфо. письмо -каз.вар -28.11.14..doc