Джек Лондонның «Ақ азу» шығармасына арналған пікір алмасу кеші
2014жылы 7қараша күні Шығыстану факультетінің №14 Студенттер үйінде арабтану және ирантану кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Б.Әбдіқадырованың ұйымдастыруымен университеттің «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» әлеуметтік-инновациялық жобасы аясында Джек Лондонның «Ақ азу» шығармасына арналған пікір алмасу кеші өтті.
Кеш әйгілі америкалық жазушының шығармасы жайлы презентациядан басталды. Джек Лондон ХІХ ғасырда «Ақ азу» деген хикаятында қасқырдың адамға достығы, оны үйретсе үй жануары сияқты болатыны, өз иесіне адал қызмет ететіні жазылған.
Студенттер шығармадағы өздеріне ұнаған, ерекше әсер қалдырған сәттерді суреттеп, өз пікірлерімен бөлісті.
Ары қарай кеш киносеансқа ұласты. Бұл әдеби шығарма бірнеше рет экранға түсірілгені мәлім. Студенттер 1991 жылы америкалық кинокомпания Walt Disney Pictures түсірген «Ақ азу» киносын көріп, өз пікірлерін ортаға салды.
Джек Лондон қасқыр әлемін бейнелеуде Жалғызкөз бен Кичидің күшігін шебер пайдаланған. Күшіктің көзін ашқаннан бастап дүниені қабылдауы өз түйсігі арқылы бейнеленеді. Көк бөлтіріктің жаңа өмірі индеецтер қолына түскеннен кейін басталған. Ендігі аты – Ақ азу. Джек Лондон қасқыр тірлігін суреттеу арқылы зұлмат орта моралін айыптау, адамдар арасындағы қым-қиғаш сырларға емеурін жасап, меңзеу әсірелеу арқылы ішіне от тастайды, сезімің, ойың тұтанып жүре береді.