- Басты бет
- Жаңалықтар
- «СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕЛІЛЕРІ: КАЛИБРЛЕУ ЖӘНЕ ХЛОРЛАУ. SDG 6 – ТАЗА СУ ЖӘНЕ САНИТАРИЯ» КӨШБАСШЫЛЫҚ ДӘРІС
«СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕЛІЛЕРІ: КАЛИБРЛЕУ ЖӘНЕ ХЛОРЛАУ. SDG 6 – ТАЗА СУ ЖӘНЕ САНИТАРИЯ» КӨШБАСШЫЛЫҚ ДӘРІС
2023 жылдың 16 наурызында Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының жетекшілігімен «Сумен жабдықтау желілері: калибрлеу және хлорлау. SDG 6 – Таза су және санитария» көшбасшылық дәріс өтті. Бұл дәрістің спикері Гази университетінің құрылыс факультетінің гидравлика инженериясы және су ресурстары профессоры, доктор Осман Нури Оздемир (Анкара, Түркия) болды.
Профессор Осман Өздемир 1986 жылы Анкарадағы Таяу Шығыс Техникалық Университетінің (METU) азаматтық құрылыс факультетін тәмамдаді. Университетті бітіргеннен кейін ол Норвегиядағы Тронхейм университетінде (NTH) американдық HEC бағдарламаларын қолдана отырып, өзен бассейндерін модельдеу бойынша ғалымдар тобына қосылды. Сондай-ақ, 1994-1995 жылдары ол Цинциннати университетінде ғылыми қызметкер болды және Цинциннатидегі (АҚШ) Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің (EPA) зертханаларында сумен жабдықтау құбырларында хлордың ыдырауын зерттеу бойынша сынақтар жүргізді. 25 жыл бойы профессор Өздемир Гази университетінде су және сұйықтық механикасы пәндерінен дәрістер оқып келеді. Профессордың зерттеулері су ресурстары саласындағы мәселелерінің кең ауқымын қамтиды – сумен жабдықтау жүйелерінен бастап трансшекаралық өзендердің проблемаларына дейін.
Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету БҰҰ-ның тұрақты даму саласындағы басты мақсаттарының бірі болып табылады. Елді мекендерді экологиялық таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі біздің республикамызда да өте маңызды және Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму бағдарламаларында басым орын алады.
Бұл іс-шараның мақсаты жас зерттеушілерді, ғалымдар мен оқытушыларды елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесіне одан әрі жеткізу үшін ауыз суды тазарту және дайындау саласындағы озық технологиялармен таныстыру мүмкіндігі болды. Осы дәріс барысында судың өту уақыты мен температурасының су құбырларындағы хлордың ыдырауына әсері, сондай-ақ ауыз судың хлорлануының халықтың денсаулығына әсері талқыланды. Сонымен қатар, экологиялық инженерияның кейбір мәселелері көтерілді.
Аталған дәріске әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінің магистранттары, докторанттары мен оқытушылары қатысты. Дәріс аяқталғаннан кейін қызу пікірталас барысында, іс-шараға қатысушылар спикерге көптеген сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды.
Өткізілген іс-шара нәтижесінде студенттер мен оқытушылар шетелдік зерттеушімен баға жетпес тәжірибе жинақтады, ал факультет болса бірлескен ғылыми жобаларға қатысу перспективаларымен жаңа халықаралық байланыстар орнатты