ҚР ЮНЕСКО ЖӘНЕ ИСЕСКО ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОТЫРЫСЫ
2023 жылы 4 сәуірде Алматы қаласында БҰҰ-ның ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының негізгі отырысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісі Карина Е.Т қатысты.
Тематикалық мәжілісте стратегияның жүзеге асуына ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Д.Теменов пен Ұлттық комиссияның бас хтшысы А.Байсабаева маңызды баяндама жасады.
ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясында ЮНЕСКО сарапшылары, білім бойынша Шахгулари В.; жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық коммуниуация бойынша- Музафаров Р,әлеуметтік ғылымдар бойынша Наурызбаева А, мәдениет саласына Имамбек А сөз сөйлеп сұрақтарға жауап берді.
Кездесуге «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының меңгерушісі Базарбаева Т.А. және «ЮНЕСКО–ның журналистика және коммуникация» кафедрасының меңгерушісі Шынгысова Н.Т қатысты.
Сарапшылар өздерінің баяндамаларында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО кафедраларының жұмысына оң баға берді.