ҚазҰУ «Ғылым комитетінің» грант саны бойынша алдыңғы орында

2 тамыз, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсында 75 жоба бойынша грант жеңіп алып, көш бастады.

Сараптама барысында жоғары бағаланған ғылыми жобалар келесі бағыттарды қамтиды:

  • Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар саласындағы зерттеулер – 10 жоба;
  • Өмір және денсаулық туралы ғылымдар – 8 жоба;
  • Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология саласындағы зерттеулер – 6 жоба;
  • Геология, минералдық және көмірсутек шикізатын өндіру және өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар саласындағы зерттеулер – 12 жоба;
  • Энергетика және машина жасау саласындағы зерттеулер – 2 жоба;
  • Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер – 10 жоба;
  • Білім және ғылым саласындағы зерттеулер – 4 жоба;
  • Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер – 23 жоба.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі