ҚазҰУ студенттері Қытайда өткен универсиядадан жүлдемен оралды

4 тамыз, 2023

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік универсиадасынан жүлделі орындармен оралды. Пневматикалық мылтықтан оқ атудан Константин Малиновский  күміс және қола медалдерін ,Бекарыс Сәдуақас дзюдодан 100 келі салмақта қола, Сұңғат Жұбатқан 66 кг салмақ дәрежесінде дзюдодан қола иеленсе, Арина Алтухова жақсы нәтиже көрсетіп Қазақстан мен ҚазҰУ-дың намысын қорғады. Құттықтаймыз, Біз сіздермен мақтанамыз!