"Ардагерлерді ардақтайық!" атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
8 мамыр, 2021
Әл-Фараби атындары ҚазҰУ-дың ерікті студенттер тобы бүгінгі - Жеңіс күні мерекесіне орай "Ардагерлерді ардақтайық!" атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Жоба аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне азық-түлік себеттері таратылды.
«Отанын оттан қорғап, жеңіс деп жанын шүберекке түйген азаматтар мен азаматшалардың ерліктері еш ұмытылмас! Қан майданның хабарынан ыкпай, намысты ту еткен қарияларымыздың қатары жыл санап азайып келеді. Бүгілген беліне демеу көрсетер шақта біздің ізгі ілтипатымыз олар үшін ете маңызды екендігін умытпайық!
Мереке құтты болсын!