ҚазҰУ 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай «ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫ» атты мерекелік іс шара ұйымдастырды.

3 қазан, 2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай  «ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫ» атты мерекелік іс шара ұйымдастырды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ерен еңбегі» медалі 5 ардагерге табысталды.

БІРЖАНОВ ХАМИТ БІРЖАНҰЛЫ, ардагерлер қозғалысының ардагері, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Бостандық ауданының Ардагерлер кеңесінің экс-төрағасы;

 

БЕСПАЕВА АСЕН СУЛЕЙМАНОВНА, Бостандық ауданының ардагерлер  кеңесінің төрайымы;

 

СУЛТАНГАЛИЕВ СЕЙДАХМЕТ, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының еңбек сіңірген қызметкері, көп жылдар Бостандық аудандық ардагерлер кеңесінің денсаулық сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болды;

 

САТТАРОВА МАРЬЯМ ГАЗИЗОВНА, мәдениет және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы.

 

СӘДЕНОВ ЖАНГЕЛДІ СӘДЕНҰЛЫ,  Бостандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Алматы қалалық ардагерлер кеңесі пленумының мүшесі. Сәденов Ж.С. алғашқылардың бірі болып КазГУградтың бірінші нысанының биологиялық факультетінің іргетасын салуға қатысты.