ҚазҰУ оқытушы-профессорларының, қызметкерлерінің балаларына арналған жазғы лагерь ұйымдастырылды.

8 тамыз, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жасөспірімдерге арналаған «CITY CAMP» лагерін ұйымдастырды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында 19 маусым айнынан бастап 10 тамызға дейін еліміздің өңірлерінен мектеп оқушыларына және ҚазҰУ оқытушы-профессорларының, қызметкерлерінің балаларына арналған жазғы лагерь ұйымдастырылды.

Лагерьге 500-ден астам жасөспірімдер Атырау, Ақтау, Орал, Шымкент, Қызылорда қалаларынан келіп, жазғы демалыстарын қызыққа толы өткізді.

Лагерь жұмысы арнайы бекітілген жұмыс жоспары бойынша демалушыларына әр түрлі ойындар ойнатылып тақырып бойынша тапқырлық, сөзжұмбақ сайыстары ұйымдастырылып, өте қызықты өтуде. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, топтық жұмыстар, үйірме жұмыстары өткізілуде.  Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсауда.