Аталған іс-шара жоғары білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясат шеңберінде, жастарды қолдау және патриоттық рухты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылады:
1. Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиялары;
2. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму Тұжырымдамасы;
3. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;
Біз кішкентай балаларымыздың жадында жарқын естеліктер мен жұлдызды сәттерді қалдырғымыз келеді. Жобаның негізгі мақсаты-мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғаммен тығыз байланысын қамтамасыз ету, балалардың талантын анықтау және қолдау. Осы жоба арқылы біз жас әртістерге болашақта биік сахналарды бағындыруға көмектескіміз келді, балалар үйлері мен мектеп-интернаттардан 7 бала "Жарқын жұлдыз-2023"байқауына қатысты. Өз шығармашылығын ұсынған балалар 8 номинацияға қатысып, әсер қалдырды.