Университетте Наурыз мерекесін тойлау

19 наурыз, 2023

 

Ректор Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы Наурыз мейрамына барып, киіз үйлерді аралап, студенттерімізге алғысын білдірді. Киіз үйлер салынды, наурыз көже таратылды, қазақтың ұлттық ойындары ойналды. Біздің шетелдік студенттер де белсенді қатысты. Мереке құрметіне "ҚазҰУ Барысы" спорттық ойыны ұйымдастырылып, жеңімпаздарға Ыстықкөл қаласына жолдамалар табысталды.

Бұл өте ерекше және атмосфералық күн болды.

Бұл іс-шара жоғары білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясат шеңберінде, жастарды қолдау және патриоттық рухты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ көшбасшылары баршаңызды "Наурыз" мерекесімен, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Бұл күн жылдың басы ғана емес, бұл бірлік мерекесі, рухани тазарудың, бейбітшілік пен келісімнің символы.