ECOSTUDENTKZ ЧЕЛЛЕНДЖІ

22 сәуір, 2023

 

Аталған іс-шаралар жоғары білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясат шеңберінде, жастарды қолдау және патриоттық рухты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері ecostudentkz республикалық челленджін қолдады. Экологиялық акция аясында 8 қазанда ҚазҰУ-да 200-ге жуық оқушы танымал туристік орындарды, атап айтқанда Көк Жайлау үстірті мен Бутаков шатқалын қоқыстан тазарту жұмыстарына қатысты.

Студенттер пайдалы бастаманы үлкен ынтамен қабылдады. Қалан Таңнұр, механика-математика факультетінің 2 курсы:

Сенбіде ecostudentkz республикалық жобасын қолдай отырып, біз сенбілікке Бутаков шатқалына бардық. Онда біз шатқалды зиянды қалдықтардан тазартып, шашыраңқы қоқыстарды жинадық. ҚазҰУ студенттері Алматы жастарымен және қала әкімімен бірге үлкен жұмыс атқарды деп ойлаймын. Мен қаланың барлық тұрғындарын тазалықты сақтауға шақырамын".