“АҚСҮЙЕК IN THE CITY”

2 қазан, 2022

 

 

 

Аталған іс-шаралар жоғары білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясат шеңберінде, жастарды қолдау және патриоттық рухты тәрбиелеу мақсатында және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес ұйымдастырылады:

* әлеуметтік тұрақтылық.

* әлеуметтік әсер.

Байқау ережесі бойынша әр факультеттің жатақханасынан 7 адамнан тұратын команда көрсетілген карта бойынша пункттерге шығып, сұрақтарға жауап береді. Мәреге бірінші болып жеткен Команда жеңімпаз атанып, кубок пен сыйлықтарға ие болады.

Байқау ҚазҰУ студенттері үшін үлкен маңызға ие. Өйткені командалар жарысып қана қоймай, патриоттық рух оянады. Сондай-ақ, көрермендер мен жанкүйерлер үшін арнайы концерттік бағдарлама өткізіледі, студенттер көңіл көтереді және студенттер кеңесінің командалары өнер көрсетеді.