ЖОҒАРЫ СТУДЕНТТЕР КЕҢЕСІНІҢ КУБОГЫ
Бұл жарыстың мақсаты-студенттердің спортқа деген ынтасын арттыру және салауатты өмір салтын ұстану. Әр жатақхананың студенттері БСС кубогына топтарда қатысады. Волейболдан, футболдан қыздар мен ұлдар арасында спорттық жарыстар өткізіледі. Жарыстан кейін үздік командалар анықталып, жүлделі орындарға ие болған студенттер лайықты сыйлықтар мен кубоктарға ие болады.
Аталған іс-шаралар жоғары білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясат шеңберінде, жастарды қолдау және патриоттық рухты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылады.
1. Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиялары:
2. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму Тұжырымдамасы:
3. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық жобалары (10 ұлттық жоба).