"ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР - 2023" ФОТОСЕССИЯСЫ

22 мамыр, 2023

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жыл сайын 7000-нан астам білім алушыны бітіретін республиканың жоғары білім беру флагманы болып табылады. Барлық тарихи кезеңдерде университет қазақстандық ғылымның басында тұр, өз ісінің нағыз мамандарын дайындады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті республика тарихында еліміздің ең үздік жоғары оқу орындарының бірі болып саналады. Университетте жеке тұлғаны сапалы дамыту, студенттердің ой-өрісін кеңейту, олардың жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыру, жеке қабілеттері мен зияткерлік әлеуетін іске асыру үшін барлық жағдайлар жасалған.  Құрылған сәттен бастап ҚазҰУ жүз мыңнан астам маман шығарды, сол арқылы елдің дамуына орасан зор ғылыми-зияткерлік үлес қосты. ҚазҰУ түлектері мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде, кәсіпорындарда, ірі банктерде, компаниялар мен жоғары оқу орындарында, халықаралық ұйымдар мен қорларда, ғылыми-зерттеу институттарында, бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейді.

Аталған іс-шаралар жоғары білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясат шеңберінде, жастарды қолдау және патриоттық рухты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылады.