"Өмірді сүй" мотивациялық тренингі

19 наурыз, 2023

"Өмірді сүй" мотивациялық тренингі аясында "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағының қолдауымен университетте философия және саясаттану факультетінің 3-курс студенті, 1-топтағы мүгедек Заретта Құрманғожинованың мотивациялық тренингі өтті.

Іс-шараның мақсаты – университеттің стратегияларын қамту, оның ішінде:

1. Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиялары:

• Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік.

• Білім мен кәсіптік дағдылар қазіргі заманғы білім беру жүйесінің, кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары болып табылады.

• Тұрақты және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету және аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту.

• Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың табысының негізі.

2. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасы:

• Азаматтарға еңбек нарығында сұранысқа ие біліктілік, өмір бойы білім алу мүмкіндігін беретін бәсекеге қабілетті және қолжетімді білім беру жүйесін қалыптастыру;

• инклюзивті экономикалық өсуге негізделген әлеуметтік қорғаудың мақсатты және кешенді жүйесін дамыту;

• ақпараттық, мәдени және спорт кеңістігін кеңейту, жастардың рухани және физикалық дамуы үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

3. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары:

• әлеуметтік салауаттылықты қамтамасыз ету;

• Ең төменгі әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ету;

• әлеуметтік көмектің атаулылығын күшейту және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту

4. Қазақстан Республикасының ұлттық жобалары (10 ұлттық жоба):

• «Білімді ұлт» сапалы білім» ұлттық жобасы.

 

• «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы.

• «Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы.

5. Университет жарғысы және «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ-ның 2022–2026  жылдарға арналған даму бағдарламасы:

• университет ғылымының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін арттыру.

• корпоративтік басқарудың тиімді моделін құру және университеттің тұрақты дамуы.

6. Тұрақты даму мақсаттары:

• әлеуметтік тұрақтылық.

• әлеуметтік әсер.

Залға жиналған студенттер бұл тренингке ерекше көңіл-күймен келді. Себебі, қайсар қыз – Заретаның айтқан шабытты сөздері әрбір оқушының жүрегінде үміт пен сенім отын оятты. З.Құрманғожинова өзінің өмірлік тәжірибесіне тоқталып, өмір жолында кездескен қиындықтарды қалай жеңе білгендігін айтты. Зарета студенттердің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді, тренинг қызықты пікірталас түрінде өтті. Шара Тұрақты даму мақсаттарының бірі – теңсіздікті азайту аясында өтті.